главная

Мектептерге жылу қашан беріледі?

September 19, 2019

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 1 қазанға дейін білім беру нысандары, 15 қазанға дейін – өзге нысандар жылыту маусымына 100% дайын болуы тиіс.

Қысқа дайындық жұмыстары биыл шілде айында басталған. 

 

«Жылыту маусымына дайындық мақсатында министрлік арнайы жұмыс жоспарын бекітті. Жоспар бойынша, шілде айында қысқа дайындық жұмыстары басталды. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дайындау аясында 10 212 дербес қазандық (96%), 4,8 мың шақырым жылумен жабдықтау желілері (96%), 14,5 мың сумен жабдықтау желілері (96%) жөндеуден өтті. Әзірге білім нысандарының 99,6% жылытуға дайын. Батыс Қазақстан облысында 21 объектіде оқу процесіне әсер етпейтін күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы – 98,6%, тұрғын үйлер дайындығы – 94,9%», – деді вице-министр.

 

Министрлік жоспарына сәйкес, 1 қазанға дейін білім беру объектілері - 100%, 15 қазанға дейін – қалған нысандар жылыту маусымына дайын болуы тиіс.  

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon