top of page
Поиск

Yessenov University Әзірбайжанның жетекші университеттерімен тәжірибе алмаспақ

Бұл туралы Ақтау қаласына іс-сапарға келген Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов пен Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Елшісі Эльмар Маммадов бастаған делегацияның Есенов Университетінде болған кездесуінде белгілі болды.


Yessenov University проректоры Е.Т.Нұрмағанбет делегацияны қарсы алып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың және жоғары оқу орындары арасындағы білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық түйіндерін анықтау мақсатында әңгімелесті.


Келешекте Yessenov University мен Әзірбайжан елінің жетекші жоғары оқу орындарымен мәдениет, білім және ғылым саласында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілетініне мол сенім білдірді. Сонымен қатар, әзірбайжандық елшілер университет студенттеріне заманауи халықаралық қатынастар жайлы дәріс оқыды.


Кездесу соңында Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов университет проректорына қазақ тілінде жазылған Гейдар Әлиевтің 95 жылдығына арналған «Еліне жол ашқан» кітабын сыйлады.

bottom of page