top of page
Поиск

«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінің арасында жүгіруден жарыс өтті


Нұр-Сұлтан қаласы Триатлон паркінде «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында 4 және 8 шақырымға жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Жарыс Жастар жылы аясында «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.


Жарыс екі қашықтықта: 4 және 8 шақырымға жүгіруден өткізілді. Үздік көрсеткіш көрсеткен «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне бағалы сыйлықтар: қолсағаттар, повер банк – мобильдік аккумуляторлар берілді. Жарысқа 400-ден астам оқушы қатысты.


«Осындай іс-шаралар өсіп келе жатқан жас ұрпақты шынықтырып, денсаулықтарын нығайтып, төзімділігін арттырып, жастарымызды – еліміздің патриоттарын шыңдай түсуге көп көмегі тиеді. Қазіргі 21-ғасырдағы гаджеттерге тәуелді болып үйден шықпайтын оқушыларды да ширатуға пайдасы мол», – дейді республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жетекшісі Асхат Налшыбек.

bottom of page