главная

Сенатта «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті

October 14, 2019

Парламент Сенатында «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушылар мен мұғалімдердің жүктемесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды parlam.kz.

 

Кездесуді әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы ашты. Сенатор қаралып отырған заң жобалары мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің мәртебесін едәуір арттыруға, жүктемені азайтуға, педагогика қызметкерлерінің құзыретіне жатпайтын қызметтерді қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов сенаторларға заң жобаларын таныстырды. Министр педагогтің қызметіне және білім беру сапасына әсер ететін мәселелер бойынша жүзеге асқан әлеуметтік және сараптамалық зерттеулердің қорытындысы зерделенгенін атап өтті. Заң жобалары аясындағы мәртебені арттыру жөніндегі жаңалықтар барлық педагогтерге қатысты болады.

 

Қатысушылардың айтуынша бүгінгі күні педагогтердің жартысынан астамы мамандық мәртебесімен және еңбекақыларының деңгейіне риза емес. Оған педагогика мамандығына нағыз дарындардың келуіне ынталандыру тетіктері жоқ және мамандыққа түсу балының төмендігі де себеп болып отыр.

 

2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында заң жобаларын қамтамасыз етуге жалпы сомасы 1 202,1 млрд.теңге көлеміндегі шығындар белгіленді. Қаражат мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбекақысын арттыруға арналған.

 

2024 жылға қарай білім беру саласындағы 500 мың қызметкердің еңбекақысы 2 есе, ал демалыс күндері 42 күннен 56 күнге дейін ұлғаяды.

 

Сенатор Д.Нөкетаева бүгінде «Педагогика» мамандығына төмен балл алған түлектер түсетініне, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылардың жүктемесінің көп екеніне алаңдаушылық білдірді.


Сенаторлар сондай-ақ педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, базалық лауазымдық айлықақы деңгейін, педагогтер білімінің сапасы мен қашықтықтан және онлайн оқытудың сапасын арттыру және басқа да көптеген мәселелерді көтерді.

 

Источник: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon