главная

Қазақ спорт және туризм академиясында жас ғалымдар конференциясы өтті

October 17, 2019

Қазақ спортының қара шаңырағы өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жас мамандарға сапалы білім беріп, еліміздегі спорт және дене шынықтыру саласының дамуына зор үлес қосып келе жатқан Қазақтың спорт және туризм академиясы 2015 жылы Халықаралық студенттік спорт федерациясының шешімімен «Әлемдегі ең үздік оқу орны» атағын иеленген болатын. Мерейтой аясында «Университет спорты: ұлт денсаулығы мен өркендеуі» атты жас ғалымдардың IX халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл жиынға әлемнің 22 елінен келген делегация мүшелері қатысып, көптеген маңызды мәселелерді талқылады. Оның ішінде білікті бапкерлерді даярлау, жас спортшылардың физиологиялық дайындығын жетілдіру, сондай-ақ жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру төңірегінде әңгімелер өрбіді. Екі жыл бұрын академия қабырғасынан ашылған бапкерлерді дайындау мектебін халықаралық орталыққа айналдыру мәселесі де сөз болды.

 

Қайрат Закирьянов, Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті:

- Көбі мынау спорт академиясында тек қана чемпиондарды дайындайды деп ойлайды. Жоқ, ең бірінші мақсатымыз – жақсы маман даярлау. Жақсы бапкер, тренер дайындау. Ол жақсы тренерлер ертең жақсы спортшыларды дайындайды. Сондықтан осы жолда талай-талай алдымызда мақсаттар бар. Соларды орындауға тырысамыз.
 

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon