главная

Ақтөбелік оқушылар көру қабілеті нашар жандарға арналған қосымша ойлап тапты

October 21, 2019

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары көру қабілеті нашар жандарға арналған мобильді қосымша мен бағыт беретін таяқ ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz.

 

Қосымшаның көмегі мол. Егер телефон камерасын кітаптағы немесе анықтамадағы мәтінге бағыттасаңыз, ол дауыстап оқи жөнеледі. Ал адамға, сондай-ақ кез-келген затқа түсірсе оның түр-түсін, жынысын, тіпті көңіл-күйін сипаттап береді. Ал екінші құрылғы - зағип жандардың жүріс-түрысына арналған навигациялық жүйемен жұмыс істейтін таяқ. Ол адамның тұрған жерін анықтап, әрі қарай жүрудің бағытын көрсетеді. Алайда оқушылардың бұл өнертабысы көшелер мен ғимараттарда, емханаларда және өзге де әлеуметтік нысандарда кеңінен қолданылуы үшін арнайы модульдер орнатылуы қажет екен. Сонда ғана көзі нашар көретін жандар ешкімнің көмегінсіз жүре алады.
 

Асан Қожин, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Біздің бұл жобамыз вибрация арқылы қай жаққа бұрылу керектігін айтады және де біздер сол адамды керек жеріне жеткіземіз. Жобаның негізгі мақсаты көзі нашар көретін зағип жандарды тәуелсіз ету. Яғни қазіргі кезде олар басқа адамдардан немесе басқа адамдардың көмегі керек немесе оларда өте көп қиындықтар туындайды. Ал бұл құрылғы сол мәселелерді шешуге бағытталған.
 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon