главная

Білім және ғылым министрі білім саласын сынаған мұғаліммен кездесті

October 22, 2019

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласын сынаған көкшетаулық мұғаліммен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.

 

Ведомство басшысы тарих пәнінің мұғалімі Әлия Ахметовамен жақсы диалог орнағанын айтты. Кездесуде біраз мәселе қаралған. Әсіресе, жаңартылған оқу бағдарламасы мен ұстаздар қауымының жалықысы төңірегінде қызу әңгіме өрбіпті. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалімдердің осылай белсенді болуы қуантарлық жайт. Өйткені ұстаздар кемшіліктерді ашық айтса, саланы дамытуға болады. Ал көкшетаулық оқытушы ешқандай қудалауға ұшырамайды. Министр тарих пәнінің мұғаліміне ешкім қысым көрсетпейді деп сендірді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

 

- Біз онымен кездестік және өзі сынаған мәселелер бойынша толыққанды сөйлестік. Жалпы арамызда жақсы диалог орнады. Бұл жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз. Бұған дейін бірнеше өзекті мәселе бойынша министрліктің шара қабылдағанын айтқанмын. Мәселен, Ұлттық біліктілік тестінде мұғалімдерді металл іздегішпен тексеру, сұрақтардың сапасы және апелляция туралы сын болды. Бұл жүйенің өзгеретінін тамыз конференциясында хабарлағанбыз. Қазір де өзгерісті бастап кеттік. Сондықтан әріптесіміз көтерген мәселелердің біразы шешілген.

 

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon