главная

Қазақстан 12 жылдық білімге қашан көшеді

October 24, 2019

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары үшін 12 жылдық бағдарламаны енгізу барысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Өздеріңіз білесіздер, жаңартылған бағдарламалар 2015 жылы қабылданды, яғни осы шаралар жүргізілген кезде 1-ден 11 сынып аралығында 11 жылдық мектептің бағдарламалары бекітілді. Сәйкесінше, қазір жаңартылған бағдарламалар енгізілуде. Барлық сыныптардың 95 пайызы осыған ауысып үлгерді. Алдағы жылы 11 сыныптың ауысуы жоспарланған», –деді министр Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

 

«Қазіргі кезде жаңа бағдарламаға толықтай көшу маңызды, егер біз алдын ала дайындықсыз 12- сыныпты енгіземіз деп айтсақ, онда үлкен проблемаларға тап боламыз», – деді А. Аймағамбетов.
 

Бұл тұрғыда 12-сыныпты енгізу мектеп инфрақұрылымына, педагог даярлығына, оқулық шығару бағытына тиісті жүктемені тудырады.

 

«1-11-сынып аралығында толықтай жаңа бағдарламаға, бағалаудың жаңа жүйесіне көшкеннен соң, 12 жылдық білім бағдарламасын бастауымыз керек. Бұл тұрғыда оған көшудің бірнеше нұсқасы бар. Жалпы, бұған көшу шаралары бірқалыпты жүргізіледі. Осы орайда, 2021 жылды белгілеп отырмыз», – деді министр.

 

Ақпарат көзі: 24.kz

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon