главная

Қызылордада облыстық педагогикалық идеялар фестивалі өтті

October 25, 2019

Барлық пән оқушыларға мазмұнды болу үшін қолайлы орта мен цифрлық ресурстар тиімді қолданылуы керек.

 

Бұл – XXI ғасыр мектебінің келбеті. Қызылордада өткен облыстық педагогикалық идеялар фестивалінде жаңартылған білім бағдарламасын оқу үдерісіне енгізудің озық тәжірибелері көрсетілді. Шарада 11 пән бойынша жаңа стандарт талабына сай құрылымдалған ашық сабақтар өткізілді. 4 бағыттық секцияда мектеп басқару және дәріс барысында технологиялық құралдарды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарды әспеттеу жөнінде 45 мұғалім жоба ұсынды. Ал пленарлық Мәжілісте ұстаздардың күрделі тақырыптарды оқушыларға ұғынықты және белсенді тәсілдер арқылы түсіндіре білуі қажет екендігі айтылды. Бұл ретте әрбір сабақ тиімді жоспарланып, оңтайлы талданып, лайықты бағалануы тиіс.

 

Бауыржан Елеусінов, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры:

- Облыстағы 7 ауданнан, Қызылорда қаласынан 250 мұғалім өз сабақтарын көрсетіп, тың идеяларын ортаға салуда. Қазіргі ұстаздарға қиыншылық көрсетіп отырған критериалды бағалау мәселесі Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғалымдары, Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ мамандары және біздің институт тренерлері алқалы топта осы мәселелерді жан-жақты талқылауда.

 

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon