top of page
Поиск

Еліміздің жас ғалымдары тың жаңалық ашу үшін бірігіп жатыр


Қазақстанның жас ғалымдары тың жаңалық ашу үшін өзара бірігіп жатыр. Олар 200 адамның басын қосқан «Жас ғалымдар альянсын» құрған.

Оның құрамында Назарбаев Университетінің қызметкерлері мен студенттері, сондай-ақ шетелде білім алып жүрген қазақстандықтар да бар. Альянс - бұл ынтымақтастық орнатып, ғылыми мәселелерді бірлесе шешуге арналған алаң.

Әсия Ермұхамбетова, ғалым:

- Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондонда білім алдым. Сол кезде энергетика саласындағы жаңа технологиялармен етене таныстым. Отын элементтері, аккумуляторлар мен суперконденсаторларды егжей-тегжей зерттей бастағанда ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығым артты.

bottom of page