top of page
Поиск

Павлодарда қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің форумы өтті


Ертіс өңірінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдерінің форумы өтті. 200-ден астам маман қазақ тілін оқыту әдістемесі, әсіресе латын әліпбиіне көшу бойынша тәжірибе алмасты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шара мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, ақпараттың дамыған заманында білім беру әдістерін жетілдіруді көздейді.


Айта кетейік, осы тектес шара соңғы рет алты жыл бұрын ұйымдастырылыпты.


Сауле Османова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының орынбасары:

- Бірінші осы қоғамда мемлекеттік тілдің қолдануы. Келешектегі жоспарлар және осы бүгінгі күнде ғаламторда және әлеуметтік желілерде қандай жаңа технологиялар бар, соны қалай жергілікті жерлерде қолданып жатқан, сондай сөз көтеріліп өзара бөлісу болады.

Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының докторы:

- Биылғы жыл қазақ филологиясы үшін қасиетті жыл. Себебі дәл биылғы жылы осыдан 30 жыл бұрын осы қараша айында қазақ филологиясы кафедрасы ашылған. Міне отыз жылдығын тойлайын деп отыр. Демек, бір басымызды қосып бірсыпыра әңгіме айтатын уақыт сияқты болып көрінеді.

bottom of page