главная

Интернеті жоқ ауылдарға «Kundelik.kz» бағдарламасы қажет пе?

November 4, 2019

Әлде ұстаздар желі ұстайтын жерлерді іздеумен жүре ме?

 

Ал оқушылардың білімін бағалау жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер қаншалықты тиімді? Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, ескі жүйенің кемшілігі мен артықшылығы жан-жақты талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жаңа өзгерістерге қарсы шыққандардың бары ескеріліп, ата-аналар мен мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ал электронды бағалау туралы айтсақ. Ғаламторға қосылмаған ауыл мектептерінде электронды журнал міндетті емес. Ескі әдіспен баға қоя беріледі, деді вице-министр. Жалпы электронды жүйені дамыту жұмыстары әрі қарай жалғасады. Себебі ұстаздар үшін өте қолайлы, дейді. Ата-аналар электронды журналды көріп отырады. Және бағаны өзгертуге болмайды.

 

Айта кетейік, қазір еліміздегі барлық мектеп алғашқы тоқсанды аяқтап, қортындысын шығарды.

 

Шолпан Каринова, ҚР білім және ғылым вице-министрі:

– Екі жүйені салыстыратын болсақ, бұрыңғы бағалау жүйесінде әр оқушының сабақтағы жетістігі, бағалауы бір-бірімен салыстыру арқылы қойылатын болса. Бүгінгі күнгі жаңа критериальді бағалау жүйесінде белгіленген нақты тақырып бойынша, нақты бағдарлама бойынша оқушының критерилері анықталып, оқушының қаншалықты жеткізгендігін бақылайтын осындай айырмашылығы бар.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon