главная

Венгрия жоғары оқу орындары қазақстандық студенттерге 250 грант бөледі

November 20, 2019

Венгрия Үкіметі қазақстандықтарға жоғары оқу орындарында білім үшін 250 тегін грант ұсынады.

 

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігі хабарлады. Венгриялық «Темпус» қоғамдық қоры 2020-2021 оқу жылына арналған Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарында оқуға өтінімдер конкурсына қатысу шарттарын жариялады.

 

Өтінім беру шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты www.stipendiumhungaricum.hu. ресми сайтынан табуға болады.

 

Өтінім беру процесінің кестесіне сәйкес, Stipendium Hungaricum бағдарламасына қатысуға өтінім беру 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін жалғасады. Үміткерлер екі ай уақыт ішінде қажет құжаттарды электронды түрде тапсыруы тиіс.
 

Ақпарат көзі: «Хабар 24»

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon