top of page
Поиск

Нұр-Сұлтанда роботты техникадан жарыс өтті


Жастар мен жасөспірімдер арасында техникалық шығармашылық және инженерлік кәсіптің беделін арттыру мақсатында Robofest-2019 жарысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».


Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға оқушылардың қызығушылығы жоғары. Жылдан-жалға қатысушылар саны артуда. Биыл 170-тен аса оқушы қатысты. Өздері робот құрастырып, оны бүгінгі жарыста сайыс алаңына шығарады. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл баланың уақыты бос өтпеуіне және техникалық қырларын дамытуға көмектеседі.


Талант Төребеков, қазылар алқасының төрағасы:

– Мерзімі регламентке байланысты. Барлық мектептерге бір уақытта жарнама таратылады. Оқушылар 1 айдың ішінде ұстаздарымен дайындалып сайтқа тіркеледі. Содан кейін осында келіп қатысады.

bottom of page