top of page
Поиск

234 үміткер «Болашақ» шәкіртақысының иегері атанды



Олар магистратура мен докторантурада білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».


Сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберіледі. Шәкіртақы иегерлерінің басым бөлігі Ұлыбританияда оқитын болады.

Айта кетейік, бағдарлама жүзеге асырылғалы еліміз бойынша 11 мыңға жуық маман дайындалған. 2020 жылдан бастап жаңа тәсілдер енгізілмек. Ол конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның жұмысын оңтайландыруды көздейді.


Айнұр Кәрбозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- 20 жылдық тарихта 13836 шәкіртақы тағайындалған. Оның 10 мыңнан астамы түлектер. Олар әртүрлі бағыттарда мамандықтары бойынша ел игілігіне еңбек етіп жатыр.

bottom of page