главная

Алматыда жас тарихшылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті

November 29, 2019

 

Алматыда өткен жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының негізгі тақырыбы «Ұлы даланың ұлы есімдері» туралы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Еліміздің тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың өнегелі ісін зерттеп жүрген тарихшылар олардың жастарға отансүйгіштік тәрбие берудегі рөлін айтты. Мақсат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын іске асыру.

 

«Жастар бойында елін, туған жерін, өткен тарихын құрметтейтін қасиеттерді сіңіру, өскелең ұрпақтың қазынаға толы тарихқа қызығушылығын арттыру», - дейді конференцияны ұйымдаструшылар. Жиынға ТМД елдерінің жас тарихшы ғалымдары келді. Олар мәдениет аралық, этносаралық және конфессиааралық байланысты нығайту жайын талқылады.

 

Тимур Әпендиев, ҚР ҰҒА Президентінің көмекшісі, PHD доктор, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

- Басқа елдерден келген жас ғалымдардың өз ғылым ортасындағы жүйесі бар.Біз олардың ғылымдағы, әсіресе, жас ғалымдар жүйесіндегі орындалып жатқан жобалар болсын , сонымен қатар басқа да бір ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар болса, бүгін олар конференция отырысында айтып, көрсетіп жатыр.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon