top of page
Поиск

Мұғалімді заңсыз жұмысқа салғандар айыппұл төлейді


Мұғалімді заңсыз жұмысқа тартқандарға 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды. Көптен бері пікірталасқа түсіп келген «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы ақыры парламентке жетті. Оның аясында ұстаздарды артық жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге және негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынған. «Әртүрлі құқық бұзушылыққа байланысты 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген» деді Білім және ғылым министрі.

bottom of page