главная

Астанадағы мектептерде бейнебақылау дұрыс жұмыс істемейді

December 3, 2019

 

Елордаданың 35 білім беру мекемесінде бейнебақылау жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Балабақшалар мен мектептердегі қауіпсіздік ережесінің орындалуын тексерген полиция департаменті осындай кемшілікті анықтады.

 

Жеке күзет компанияларының қызметін пайдаланатын да мектептер бар. Оларға бақылау жасап, қызмет сапасын қадағалау керек-дейді полиция өкілдері. Сондай-ақ мектеп аумағындағы жол қауіпсіздігі шараларын күшейту маңызды. Әсіресе жаяу жүргіншілер жолақтарын ретке келтіріп, бейнебақылау камерларының санын көбейту керек. Осы орайда қалалық білім беру басқармасы мен учаскелік инспекторлар алдын-ала тексеру жүргізіп, орын алған олқылықтарды анықтайтын болады. Қай жерде қандай камераның істен шыққанын тексереді. Жалпы бұған дейін мектеп маңындағы жолдардың жағдайын тексерген полиция жауапты тұлғаларға 490 хаттама толтырған.
 

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon