главная

Ақтаулық оқушылар Елбасыға құрметін өлең жолдарымен өрнектеді

December 3, 2019

Ақтауда Елбасыға еліктейтін оқушылар көп. Олар «Қазіргі Қазақстан: Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында өткен ашық сабақта өз ойларымен бөлісті.

 

Қаладағы үздіктер ордасы саналатын 11-мамандандырылған физика-математика мектебінің 8-сынып оқушылары топ-топқа бөлініп, Тұңғыш Президенттің елі үшін атқарған еңбегі жайында пікір таластырды. Бірі Елбасының жас маман кезіндегі жігерін, енді бірі оның сыртқы саясаттағы абыройын, тағы бірі тұлға ретіндегі ерекшелігін үлгі етті. Сондай-ақ оқушылар Отанға деген ыстық сезімі мен Елбасыға құрметін мақала жазып, өлең жолдары арқылы білдірді.

 

Димаш Әбдірашит, оқушы:

- Бүгінгі сабақ өте қызық өтті. Елбасының өмірімен және еңбек жолымен таныстық. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым отбасында өсіп, жұмысшы болып, Президентке дейін көтерілді. Ол кісінің өмір жолы маған үлгі. Мен де сабағымды жақсы оқып, белсенді оқушы болып, болашақта көшбасшы болғым келеді.

 

Сәкен Өтебаев, №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі директорының орынбасары:

- Мектеп кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылып, сонда мектеп оқушыларын сол шара арқылы өз елін, өзінің Отанын, оның қалыптасу деңгейін, Тәуелсіздік жолын және ең бастысы патриоттық сезімі, бүгінгі таңдағы аса қажетті ұғым бұл көшбасшылық қырлары қалыптасты деп ойлаймын.

 

Ақпарат көзі: «Хабар 24»

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon