главная

NASA Юпитерді жақыннан фотоға түсірді

December 3, 2019

Юпитер жүйесін зерттеумен айналысатын «Юнона» планетааралық станциясы жерге осы планетаның жаңа суретін жолдады. Сурет 3 қараша күні апараттың планетаға жақын келгенінен кейін түсірілген екен, деп хабарлайды 24.kz.

 

Суретті түсірген уақытта «Юнона» Юпитер бұлттарының үстінде 104,6 мың шақырым қашықтықта болған. Құрылғы Юпитердің оңтүстік жарты бөлігін түсірген. Суретте полюс маңындағы қуатты циклондар, сонымен қатар қызғылт сары жолақ пен полярлық аймақ арасында орналасқан бей-берекет жөңкілген бұлттар көрініп тұр.

 

Жалпы «Юнона» Юпитердің орбитасына 2016 жылдың 4 шілдеде ұшып жетті. Ол планета орбитасында әлі бірнеше жыл тұрақтап, Жерге жаңа суреттерді жіберіп отырады. Жұмыс аяқталған соң зондтың көзі жойылады.


NASA

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon