главная

«Jas Otan» балаларға жаңажылдық сыйлық әперу акциясын бастады

December 4, 2019

 

«Jas Otan» жастар қанаты Арман ағашы» атты қайырымдылық акциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Науқанның басты мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ауыр науқасы мен мүгедектігі бар «Нұрлы жүрек» мекемесінің 117 бүлдіршініне мерекелік көңіл күй сыйлау. Бұл үшін тұрғындар Арман ағашына ілінген балалардын тілегін орындап, қалаған сыйлығын алып келуі тиіс.

 

«Біз бүгін барлық өңірде «Арман ағашы» қайырымдылық акциясын бастаймыз. Оның аясында біз ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттілігі бар балаларға жылулық пен сүйіспеншілік сыйлағымыз келеді. Алдын ала орталық өкілдерімен кездесіп, балалардың қандай сыйлық алғысы келетінін жазып алдық. Жеке өзім балалардың арманы міндетті түрде орындалуы тиіс деп ойлаймын. Олардың арманын жүзеге асыру арқылы шабыт сыйлаймыз», - деді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.

 

Қайырымдылық науқаны бір айға созылады. Акция соныңда барлық жиналған сыйлықтар бүлдіршіндерге салтанатты түрде театрландырылған қойылыммен тарту етіледі.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon