главная

Алматы ауруханасында науқас балаларға білім беретін кабинет ашылды

 

Алматыда Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығында «Smart School-2» кабинеті ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Smart School-2» сыныбында стационарда жатқан науқас балалар білім алатын болады.

 

Олардың қатарында онкология, гематология, мукополисахаридоз, фенилкетонурия, Гоше ауруы, ювениль артрит, Помпе ауруы дертіне шалдыққан балалар бар.

 

Оңалту шараларынан өтіп жатқан балалар стационарда ұзақ мерзімде ем ала отырып, оқу процесінен қалыс қалмайтын болады. Робототехника, конструктор құрастыру, қолөнер, шахмат, арт-терапия, ағылшын тілінен дәрістер ұйымдастырылады. Оқушыларға білікті мамандар, еріктілер дәріс береді. Балалардың көңілін сайқымазақтар да көтеріп тұрмақ.

 

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon