top of page
Поиск

Білім саласында плагиатқа тексерудің жаңа жүйесі енгізілді



Бұл туралы Сенат отырысында ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».


«Turnitin» деп аталатын жүйе қазір сынақтан өткізіліп жатыр. Сондай-ақ плагиатқа қатысты тиісті нормативті құжаттарға өзгерістер енгізілген. Алдағы уақытта диплом, магистрлік, ғылыми жұмыстар жаңа жүйеден өтеді. Бұрынғыдай қайта қорғау, тексеру деген болмайды. Бұған дейін танымал тұлғалардың ғылыми еңбектері плагиат деген күдікке ілінген еді. Сонымен қатар министр еліміздегі білім беру жүйесін бірыңғайландыру керектігін айтты. Осы орайда Сенат депутаттары білім саласында санға емес, сапаға көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Шетелдік тәжірбиеге сүйенген жағдайда, тек ұтымды, пайдалысын алуға кеңес берді. Саланың дамуына кедергілер де жоқ емес Елімізде жыл сайын 10-12 мың мұғалім жетіспейді. Әсіресе, ауылдық жерлерде ұстаз тапшы.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жалпы біздің қоғамда, өздеріңіз білесіздер, екіге бөліну бар. Біріншісі: «1970-1980 жылғы жүйені қайтарайық», дейді. Екінші жүйе: «Жоқ, біз заманауи, Фин мемлекетінің, басқа да мемлекеттің жүйесін әкелейік», дейді. Осындай екі пікір бар. Менің ойымша, басқа жақтың жүйесін топ еткізіп бұл жаққа қою да дұрыс емес. Өйткені біздің мәдени, психологиялық тұрғыда өзгешелігіміз бар. Тарихимыз, тіліміз өзгеше. Сондықтан, әрине, біз ең жақсы тәжірибені алып, біздің елімізге керек саясатты қолдануымыз керек.

bottom of page