top of page
Поиск

Елімізде инклюзивті білім берудің 29 ресурстық орталығы ашылды


«Дара» қоры Назарбаев университетінің жоғары білім беру мектебімен бірлесіп және «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен астаналық жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруге ресурстық орталықтар қалай жағдай жасайтынын анықтайтынын білу мақсатында дөңгелек үстел өткізіп, зерттеу нәтижелерімен таныстырды.


Зерттеулер Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 3 ресурстық орталығында жүргізілді.


Назарбаев университетінің жоғары білім беру мектебінің бір топ ғалымы, мектептерде инклюзивті білім беруді енгізуге пайдасын тигізетін тәжірибелер мен қатынастарды дамытуға ресурстық орталықтардың қалай әсер ететінін зерттеді. Мектептегі ресурстық орталықтардың күрделі мәселелері мен олардың жұмысын жақсарту жолдары қаралды.


Осы ғылыми зерттеудің негізгі қорытындыларының бірі:

Мектеп әкімшілігі білім орнында инклюзивті білім беруді енгізуді айқын түсінсе, оған мұғалімдер және басқа мектеп қоғамдастығын тартады.


Жалпы білім беретін сыныптарда ерекше қажеттілігі бар балалардың болуы, оқушылардың бойында қоғамның әр алуандығын мойындатуды тәрбиелеудің жолы, әрі оларды қажеттіліктері әртүрлі құрбыларымен бірге жұмыс істеуге үйрету.

Оқушыларға білім беру тұрғысында мамандар, мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің өзара тұрақты ынтымақтастығы ресурстық орталықтардың мектептерде инклюзивті білімді дамытудағы әсерінің маңыздылығын білдіреді.


Бастама – жақсы. Инклюзивті білімнің ұшқыны себілді. Ендігі мектептердің мақсаты оның өсімін қамтамасыз ету.


Бүгінде «Дара» қоры Қазақстанның аймақтарында инклюзивті білім берудің 29 ресурстық орталығын ашты. Оның ішінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен 9 ресурстық орталық ашты.


Ақпарат көзі: «Хабар 24»

bottom of page