главная

9 жасар жапон баласы математикадан ЖОО-ға арналған тест тапсырып, рекорд орнатты

December 11, 2019

 

Жапонияның шығысындағы 9 жасар ұл колледж түлектері тапсыратын тестілеуден өтті. Тест ұйымдастырушыларының айтуынша, ол тапсырманың барлығын орындаған ең жас тест қатысушысы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап.

 

Хего префектурасы Нисиномии қаласындағы бастауыш мектептің 4-сынып оқушысы Шого Андо (Shogo Ando) осы жылдың қазанында Сугаку кэнтэй тестінің алғашқы кю тест жоғары деңгейін тапсырған.

 

Андо Хирото Такахаси (Hiroto Takahashi) орнатқан рекордты жаңартқан. Ол бұл тестті 11 жасында тапсырған болатын. Андо тестілеуге жеті жасынан дайындалған. Баланың айтуынша, ол математикадан алған білімін қоғам дамуына жұмсап, жаһандық жылынуды төмендету секілді зерттеулер жүргізгісі келеді.

 

Сугаку кэнтэй тесті 14 деңгейден тұрады. Олардың әрқайсысы күрделі және білімді қажет етеді. Ең жеңіл 14-ші кезеңді мектепке дейінгі балалар тапсырады. Жыл сайын 350 000 адам осы тестті тапсырады. Алғашқы кю тестте түрлі пәндер қамтылған. 1-ші кю тесттің соңғы кезеңіндегі өту балы 14,4 процентті құрайды.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon