главная

Петропавлдағы әскери-техникалық мектепті 260 түлек бітіріп шықты

December 12, 2019

 

Петропавл қаласындағы Жеңіс саябағында ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің 47 түлегі салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

СҚО Қорғаныс істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы әскери-техникалық мектепке 24-27 жастағы жігіттер қабылданады. Олар арнайы курстан өткеннен кейін «атқыш» мамандығымен қоса әскери билет алып шығады.

 

«Әскери-техникалық мектеп түлектері салтанатты түрде, көпшіліктің алдында ант қабылдайды. Бұл үрдіс жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу мақсатында өткізіледі. Жастардың бүгінде әскери қызмет саласына ұмтылушылығы байқалады. Өйткені мемлекет тарапынан әскери қызметшілерге көптеген жеңілдіктер жасалып жатыр», - дейді СҚО ҚІД баспасөз қызметінің бастығы Айман Әбжапбарова.

 

Әскери-техникалық мектептің шақырылушылары 40 күндік оқу курсында 1 жылдық материалды толығымен қамтып, нағыз әскердегідей дайындықтан өтеді. Теорияны тәжірибемен бекіту үшін оқу полигондарына барып жаттығады. Әскери-техникалық мектеп бастығы Қалиолла Сауытбековтің айтуынша, сарбаздар оқу бағдарламасына сәйкес Қазақстан заңдарын біліп, жалпы әскери жарғылармен танысады. Болашақ әскери мамандығына байланысты қаруды қолдануды, нысанаға тигізуді үйреніп, әскери барлауды және картамен жұмыс істеуді меңгереді. Оқыту бағдарламасына алғашқы медициналық көмекті көрсету дәрісі де кірген. Оқу орнының тағы бір артықшылығы - демалыс күнінің болуы. Әскери-техникалық мектеп жылына 7-8 рет курсант қабылдайды. Биыл оқу орнын 260-тан аса жігіт бітіріп, әскери билет алу үшін жолдама алды.
 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon