главная

Сарыағаш ауданындағы елді мекен оқушылары көрші ауылдағы мектепке қатынап оқыған

December 13, 2019

 

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 600 орындық жаңа білім ұясы пайдалануға берілді. Жаңа мектеп табалдырығын шалғайдағы Жаңаталап ауылының оқушылары аттады. Бұл елді мекеннің білімпаз балалары осыған дейін көрші ауылдарға қатынап оқып келген болатын. 

 

Жаңаталап елді-мекенінде жалпы  2500 мыңнан астам халық тұрады. 500-ден аса үй бар. 2017 жылы қазығы қағылған білім ұясы Республикалық бюджет есебінен 1 миллиард теңгеден астам қаражатқа бой көтеріпті. Мектептің бір ерекшелігі, бір емес 3 бірдей спорт залы бар екен. Енді ауыл балалары салауатты өмір салтын ұстанып, небір талантты спортшылар осы жерде жаттығатын болады.

 

Елемес Исаев, ауыл тұрғыны:

- Бір жарым жылдың ішінде үлкен үш қабатты зәулім сарай салынды. Мұның ішін аралап көрдік, бәрі заманауи, осы уақытына сай мектеп. Қуанамыз, енді Құдай қаласа, бұл мектепте балалар білім алып, үлкен ел басқаратын, ел тізгінін ұстайтын, одан қала берсе спорт саңлақтары шықса, ауылымыздан олимпиада чемпоиндары шығуына тілектеспіз. Тәуелсіздігіміз жасай берсін, арта берсін. Бірлік, ынтымақ бар жерде жақсылық мол болады дейді. Мектебіміз елге жақсы қызмет атқара берсін, балаларымыз бақытты болсын. 

 

Дана Қырымбаева, 10-сынып оқушысы: - Біз бұл мектепің алдында Жылысой ауылындағы мектепке қатынап оқитынбыз. Біз ол мектепте барлық жағдай жасалған деп айта алмаймын. Бірақ жақсы білім алдық. Бұл мектеп өте жақсы, керемет. Барлық жабдықтармен қамтылған.  Сондықтан бұл мектепте жақсы білім аламыз деп ойлаймын. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды. Нағыз білім ордасы болады деп ойлаймын. Оқушылар да соңғы заман талабына сай жақсы білім алады деп ойлаймын.
 

Ақпарат көзі; 24.kz

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon