top of page
Поиск

Шәкіртақының көтерілуіне қатысты семейлік студенттер пікірі



Семейлік студенттер де Президенттің Жастар жылын қорытындылауға арналған жиында айтқан шешімін қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».


Шәкіртақының 25%-ке көтерілуі жастардың қосымша білім алып, әр түрлі үйірмелерге қатысуына, жан-жақты дамуына жол ашпақ. Ал ауылдан келіп білім алып жатқан студенттер ата-аналарына түсер салмақтың азаятынына қуанышты.


Гүлнұр Алханова, докторант:

- Енді 2020 жылдан бастап біз докторанттар 80 мың шәкіртақы емес, 102 мың теңге көлемінде шәкіртақы алатын боламыз. Мен осындай байтақ елде, жастар елін қорғайтын, жастарды қолдайтын Президенті бар елде өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын және мақтан етемін!


Жалғас Кенжаев, студент:

- Біздің студенттер үшін көптеген көмек болады. Оқуға да жалпы басқа да жұмыстармен айналысуға да өзіндік білім деңгейлерін арттыруға да, сонымен қатар шет тілдерін оқуға да, қосымша мамандыққа байланысты білім алуға өте көмек болады.

bottom of page