главная

Жетісай ауданында тәжік балаларына мемлекеттік тілде білім беретін балабақша ашылды

December 19, 2019

 

Түркістан облысында тұрып жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері балаларын қазақша оқытуға ықыласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Тәуелсіздік мерекесіне орай Жетісай ауданының Жаңаауыл елді мекенінде тәжік балаларына мемлекеттік тілде тәлім-тәрбие беретін балабақша ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие ордасы 175 бүлдіршінге арналған. Балалар осында қазақ тілін меңгеріп, ұлттық педагогикалық негізде білім алады. Жаңаауылда 450-ге тарта үй бар. Дені 1952 жылы Өзбекстанның Фарш ауданынан қоныс аударған тәжік отбасылары. Ауылдан қазақ тілді балабақшаның ашылуына мүдделі болған ата-аналардың өздері. Жалпы аудандағы балабақшаның 85%-і жекенің иелігінде. Бүгінде аймақта 200-ден астам тәрбие ошағы жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы үшеуі іске қосылмақ. Ал жаңа ғимаратта бала тәрбиесіне қажетті барлық жағдай жасалған. Жатын бөлмесі, асхана, дәрігерлік пункт, ойын алаңдары барлық талапқа сай.

 

Бақтияр Қозыбаев, балабақша құрылтайшысы:

- Болашақта жақсы өмір сүру үшін мына балапандар қазақ тілін білуі керек. Таза сөйлеуі керек. Келешекте қазақ тілін ең таза сөйлейтін тәжік ұлтының балалары біздің ауылдан шығады.

 

Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының әкімі:

 

- Жекеменшік пен мемлекеттің арасындағы серіктестік ретінде балабақшаларды қолдап қуаттап жатырмыз. Ол мемлекет үшін де, кәсіпкер үшін де өте тиімді жағдай. Оған тиісті қаржысын, өзімізге алған міндеттерді толық орындап жатырмыз.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon