главная

Жастар жаңашылдыққа құмар – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі

January 10, 2020

 

«Президенттік жастар кадрлық резервіне ену басшылық қызметке ұмтылу дегенді білдірмейді. Керісінше, осы мүмкіндікті пайдаланып, тәжірибені әлі де шыңдай түсіуіміз керек».

 

Іріктеудін сүрінбей өткен Эльдар Сәлменбаев осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жас маман мұнай-газ өнеркәсібі саласында қызмет етеді. Қарапайым маманнан бастап жоба кеңесшісі қызметіне дейін мансабы өскен. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Алдағы уақытта компаниялардағы жұмыс тиімділігін арттыру мәселесімен айналысқысы келеді.

 

Эльдар Сәлменбаев, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

– Жастар жаңашылдыққа құмар және соған бастайтын тың идеяларды ұсынады. Осындай талпыныстар басшылық тарапынан қолдау тапса деймін. Өйткені ол жеке компанияның, қала берді бүкіл елдің экономикасына кәдімгідей пайда әкелуі мүмкін. Президенттік жастар кадрлық резерві осындай бастамаларға түрткі болып, жастарды одан сайын ынталандыра түседі деген үміттемін.
 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon