главная

Әзербайжан мемлекеті қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынады

January 13, 2020

 

Әзербайжан Республикасы қазақстандықтарға 2020-2021 оқу жылында сол елдің жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға гранттар ұсынады.

 

Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі 2020-2021 жаңа оқу жылы аясында Әзербайжан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің азаматтарына арналған оқыту граттарына іріктеу жарияланғанын хабарлады.

 

Ұйым құрамындағы әр елге квота 2 орыннан (1 негізгі, 1 қосалқы) үлестіріледі. Оқыту гранттары оқуға арналған стипендия, әуе қатынасы (жылына бір рет), жатын орын, медициналық сақтандыру және тіркелу шығындарын қамтиды.

 

Құжаттар қабылдау 2020 жылдың 15 ақпанына дейін жүргізіледі.

 

Толық ақпаратты  mfa.gov.az сайтынан білуге болады.

 

Ақпарат көзі: 24.kz

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon