top of page
Поиск

Білім басқармасы органдарының басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгерді



Қазақстанда білім бөлімдері енді білім басқармаларының бақылауында болады.


Бұл ретте білім беру саласына бөлінетін бюджет қаражаты облыс деңгейінде шоғырланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.


Сондай-ақ елімізде білім басқармасы органдарының басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгертілді.


«Биылдан бастап басшыларды тағайындау және босату Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Өз кезегінде білім басқармалары министрліктің келісімі бойынша білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады», - деді вице-министр. Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page