главная

Ресейде Абай шығармаларының жинағы басып шығарылды

 

Еуразиялық даму орталығының бас директоры Таир Мансұровтың кітабі Ресейде басып шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

«Абайдың таңдаулы шығармалар» жинағы ұлы хәкімнің 175 жылдық мерейтойына орай жарық көрді.

 

Таир Мансұровтың айтуынша, ұлы ақынымыздың мерейтойы – Қазақстан тарихындағы ең маңызды шаралардың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығы осы кітапты шығаруға түрткі болды. Дайындық жұмыстары жарты жылға жалғасып, ең үздік аудармалар іріктелді.

 

Таир Мансұров, Еуразиялық даму орталығының бас директоры:

– Әрине, мен Шкловский аударымындағы қара сөздерін қойдым. Абай мен Әуезовке қатысты бүкіл әдебиетті оқып шықтым. Абай туралы жазған аса көрнекті қазақ ақындары мен жазушылардың түгелі осы жинаққа кірген.

 

Кітапта кең қауымға белгісіз Абайдың сирек суреттері бар. Мұражайлардың қорларында сақталған олар соңғы 30 жылда алғаш рет жарық көрді.

 

Таир Мансұров, еуразиялық даму орталығының бас директоры:

– Қастеев атындағы мұражай директорынан қолдарындағы барлық суреттерді беруін сұрап, содан таңдаймын дедім. Сонда ол суреттердің 20 пайызын 30-40 жыл бойы ешкім сұрамағанын айтты. Бірақ олар қорда сақталып тұрды.

 

Таир Мансұров Абай шығармаларының жинағын алғаш рет 1992 жылы басып шығарған болатын. Сол кезде ол жұмсақ мұқабамен бірақ үлкен тираж 100 мың таралыммен шыққан. 28 жыл өткеннен кейін ол алтынмен өрнектелген әрі бай безендірілген сый кітабы ретінде басылды. Осы айырмашылығы Тәуелсіздік жылдары Қазақстан қандай жолдан өткенін айқындайтын белгі іспеттес.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon