главная

Түркістан облысында семсерлесу спортының орталығы ашылды

February 5, 2020

 

Түркістан облысында алғашқы семсерлесу орталығы ашылды. Жаңа нысан Шардара қаласындағы армспорт клубының жанынан бой көтерді.

 

Спорттың бұл түрі оңтүстік өңірде кеңінен танымал болмаса да аудан басшылығы мен жанашыр азаматтар жаттықтырушыларды Шымкент қаласы мен басқа облыстардан алдыртқан. Осылайша, Шардаралықтар қол күресінен ғана емес, семсерлеруден де әлемді бағындырмақ ниетте. Қазірдің өзінде қанында бар өнерге жасөспірімдердің қызығушылығы басым. Мамандардың айтуынша, ерекше өнерге ынта танытқан жеткіншектер қазір шағын залда жаттығуда, болашақта оларға үлкен кешен салып беру жоспарланып отыр. Шардара облыстағы спорт саласы ең жақсы дамыған аудан. Жергілікті қол күресшілер халықаралық жарыстардың алдын бермей келеді. 

 

Ерасыл Омар, жаттықтырушы:

- Ауылдың балаларынан болашақта олимпиада чемпиондарын шығару ниетімен Шардара қаласына келдім. Семсерлесу тобына жеке нысан салып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтып, осындай мүмкіндік бергені үшін Арман Қонысбайұлына рақмет. 

 

Бауыржан Шомпиев, Шардара ауданы әкімінің орынбасары:

- Семсерлесу біздің тарихымызда бар, қазақтың өзі қылышпен айналысқан халық қой. Біз бұны ашқанда 20-30 адам болатын шығар деп едік, қазір көрдіңіздер 60 адам жазылды. Демек, қызығушылық бар. Біз тағы да қосымша үлкен алаң салып бермекпіз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту Олимпиада шыңына шығатын  алаңға айналуы керек деген Жолдаудағы мақсаты біздің ауданда жүзеге асып жатыр.

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon