главная

Мектептерге қазақ күресімен бірге гимнастика да енгізілмек

February 7, 2020

 

Қазақ күресі пән ретінде енгізілген мектептерде күреске қатыспайтын оқушылар гимнастикаға қатыса алады.

 

Бұл туралы ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

 

«5-11 сынып оқушыларын кәсіби тұрғыда дайындау жоспарлануда. Ал 1-4 сынып оқуышыларына қазақ күресінің акробатикалық жаттығуларын үйрету қарастырылған. Қыздар арасында да, ұлдар арасында да біз балуандарды дайындауға әзірміз. Дегенмен, әр оқушының өз таңдауы бар. Сол себепті біз гимнастика федерациясымен келістік. Яғни балалардың қалағандары Қазақ күресінен бөлек гимнастиканы үйрене алады», - деді Бақдәулет Сәбитов.

 

Айта кетсек, алдағы оқу жылында елордадағы 5 мектепке қазақ күресі пәні пилоттық жоба ретінде енгізіледі. 

 


Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon