главная

Қызылордалық мұғалім қазақ тіліндегі алғашқы математика сайтын ашты

 

Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі - Мұхтар Бегайдаров тұңғыш қазақ тіліндегі математика сайтын жасап шығарды. Бір ай көлемінде 23 мың тұрақты қолданушы тіркелген онлайн платформа материалдарын еліміздегі кез-келген ізденуші тегін пайдалана алады.

 

Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрасыл Әбділданың математикаға қызығушылығы ерекше. Түрлі республикалық білім олимпиадаларында олжа салып жүр. Алдағы ғылыми ізденісін де сандық қатынастардың сырын тереңірек ұғынуға арнағысы келеді. Оған қажетті материалдарды қазірден жинақтай бастапты. Осы ретте өзінің ұстазы құрастырған қазақ тілді сайттың игілігін көріп үлгергенін де жасырмады. 

 

Нұрасыл Әбілда, оқушы:

- Бұл сайттың ерекшелігі бұрын келген емтихандарды өзіміз үйден қарап, алдын ала дайындала аламыз. Және де, тағы бір ерекшелігі ол таңдаулы мұғалімдердің видеосабақтарын көріп, өзіміз үйден дайындала аламыз. 

 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Ұлы Абай айтқандай, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге. Ал ғылымдардың патшасы математика десек, жерлесіміз əйгілі Асқар Жұмаділдаевтың жолын қуған өрендер Сыр бойында да аз емес. Олар бұл бағыттағы сапалы интернет сайттың аздығынан түрлі қажетті материалдарды оқулықтан іздейтіні сөзсіз. Қызылордалық мұғалімнің құрастырған қазақ тіліндегі жаңа математикалық сайты оқушылар мен ізденушілердің түрлі ғылыми еңбектерге қолжетімділігін арттыра түсті. Оған дəлел 600 оқулық пен бейнесабақтар, тіпті түрлі ойын түріндегі жаңа əдістер енгізілген онлайын платформаның небəрі бір айдағы қаралымы 23 мыңнан асты. Мұны мамандар жаңа ресурстың сапалылығымен байланыстырып отыр. 

 

Ел мұғалімдеріне ортақ сайтты жасап шығарған Мұхтар Бегайдаров Сыр өңіріне белгілі волонтерлердің бірі. Ол бұл жобаны 2 жыл бұрын қолға алған екен. Басты мақсат – табыс табу емес, мұғалімдердің уақытын үнемдеп, қазақ тіліндегі материалдармен қамтамасыз етудің тиімді жолын ойлап табу болды дейді ол. 

 

Мұхтар Бегайдаров, жоба авторы:

- Бастапқыда сыныпта тек қана өзім тест жасайтын программамен айналыстым, тесттер жасадым. Бір кемшілігі алыста жүрген мұғалімдер аша алмайды. Сондықтан осындай қиыншылықтарды жеңу мақсатында үлкен сайт болса, соны барлық мұғалімдер, оқушылар пайдаланса деген идея болды. 

 

Мұғалімдер арасындағы республикалық білім сайысында да Мұхтардың идеясы үздік деп танылған. Бір қызығы оған баға берген сарапшылар да айтулы платформаны пайдаланушылар екен. 

 

Жасұлан Сапарбаев, математика пәнінің мұғалімі:

- Оның ішінде қарапайым топқа бөлу, сөзжұмбақ құрастыру, сияқты сабақ барысында оқушылар қызығушылығын арттыратын түрлі дидактикалық материалдарды біріктіре алады. 2020 жыл еріктілердің жылы деп жарияланса, бұл біздің әріптесіміздің қоғамға қызмет барысында жасаған үлкен бір жаңалығы деген ойдамыз. 

 

Өткен жылы Мұхтар Бегайдаровтың шәкірттері математика пәні бойынша 20 зияткерлік мектеп арасында бірінші орын алыпты. Бұл еңбегін білім және ғылым минстрлігі жоғары бағалап, алғыс хатпен марапаттаған. Ізденімпаз мұғалім алдағы уақытта да жаңашыл бастамаларын волонтерлық қызмет аясындағы игі шараларға арнауды жоспарлап отыр.

 

Ақпарат көзі: 24.kz

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon