главная

ҰТО басшысы жемқорлық туралы хабарлағандарға өз қалтасынан сыйақы жариялады

February 11, 2020

Жемқорлық туралы хабарлағандарға өз қалтамнан 100 мың теңге беруге дайынмын. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов осындай мәлімдеме жасады. Қызметіне 8 ай бұрын кіріскен ол қарамағындағылардың бармақбасты, көзқысты әрекеттерге барғанын жоққа шығарды.

 

Смағұловтың айтуынша, тексеру нәтижесінде Ұлттық тестілеу орталығы сұрақ-жауаптарын сатып жатыр деген мәлімет расталған жоқ. Сондықтан осындай әрекеттер байқалған жағдайда оған хабарланса сыйақы беруге дайын. Бұдан былай ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі бейнежазбалар 1 ай бойы сақталады. Және осы уақыт аралығында қайта тексеріледі. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, егер талапкердің заңсыз әрекетке барғаны расталса, жинаған ұпайы жойылады.

 

Дидар Смағұлов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Бір жемқорлық фактілері болса өз жалақымнан 100 мың теңге беруге дайынмын. Уотсап арқылы, телеграм арқылы, фейсбук арқылы. Жалақым өзі 500 мың теңге. Ешкімге айтпаймын. Қызметкерлерімнің адал екенін білемін. 8 ай бойы жұмыс істедім. Осы орталықта. Және күмәнім жоқ. Бірақ бар болса тиісті шаралар қолдануға дайынмын.

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon