главная

Анкарада «Жамбыл Жабаев Ұлы Дала ақыны» кітабының тұсаукесері өтті

February 14, 2020

 

 

Анкарада жазушы Мырзатай Жолдасбековтың түрік тілінде жарық көрген «Жамбыл Жабаев Ұлы Дала ақыны» кітабының тұсаукесері өтті.

 

Оған түркиялық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Танымдық-шығармашылық жанрдағы кітапты Анкараның Кечиөрен муниципалитеті басып шығарған. Қазақстан елшілігі мен Еуразия жазушылар одағының қолдауымен жарық көрген еңбек Жамбыл Жабаевты түрік оқырмандарымен таныстырған кітаптардың бірі. Шығарманы Түрік радио-теледидар мекемесінің тілшісі, қазақ әдебиеттанушысы, 100-ден астам еңбекті тәржімалаған, тілмаш Уфук Тузман түрік тіліне аударған. «Жамбыл Жабаев - Ұлы Дала ақыны» кітабында кеңес кезеңіндегі ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулардың сирек кездесетін еңбектері қаламға алынған. Сондай-ақ әрбір тақырып- тарихи суреттерімен көмкерілген. 

 

Тургут Алтынок, Кечиөрен муниципалитеті мэрі:

- Абай мен Мағжан Жұмабайұлы жайлы жақсы білеміз. Бүгін міне түрік кітапханасы Жамбыл Жабаев туралы шығармамен толығып отыр. Елмен елді, халықпен халықты бірлестіретін тарих пен әдебиет. Осы тұрғыдан бұл еңбектің қазақ-түрік қатынасына берер үлесі мол. 

 

Уфук Тузман, тілмаш:

- Жамбыл Жамбаев кеңес үкіметі тұсында жазбаша әдебиетке елеулі үлес қосқан ақындардың бірі. Оның шығармалары, арқылы сол кезеңнің қоғамдық жағдайын түсінуге болады. Кітапта тек ғана өзі емес, замандастары жайлы көп айтылған. Қазақ әдебиетін зерттеу тұрғысынан, түрік тіліне аударылған маңызды еңбек деп ойлаймын.

 

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon