top of page
Поиск

Алматы облысында білім беру мекемелерінің 87,7% камерамен қамтылған



Алматы облысында білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен қамту көрсеткіші 87,7 процетке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бұл – мемлекеттік және жекеменшік нысандарды қоса алғандағы көрсеткіш. Ал мемлекет қарауындағы мектеп, балабақшалар мен колледждердің 99 пайыздан астамына камералар орнатылған. Өткен жылы бұл мақсатқа 616 миллион теңге бөлінді. Қазір облыс бойынша Көксу ауданында бейнебақылау құрылғысы орнатылмаған 1 балабақша қалды. Жақында оған да қажетті қаржы бөлінді. Наурыз айының соңына таман 100 пайыздық межені еңсереміз дейді Жетісу өңіріндегі білім саласының басшылары.


Жаңыл Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Жекеменшік мектептер мен балабақшаларға келетін болсақ, қазір 50 пайызға жетіп отырмыз. Бұл мәселе осы жылдың аяғына дейін шешіледі.

bottom of page