top of page
Поиск

Арал қаласында оқушылар үйінің құрылысы жүріп жатыр


Қызылорда облысы Арал ауданында құрылыс саласы бойынша 2 миллиард теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылып жатыр.


Соның ең ірісі және тұрғындар көптен күтіп жүрген нысан оқушылар үйі еді. 1940 жылы салынған бұрынғы өнер орталығы тар болғандықтан 18 үйірмеге қатысатын мыңға жуық аралдық жеткіншек топ-топқа бөлініп, өзге мектептерге қатынауға мәжбүр болып келді. Қазір ескі ғимарат сүріліп, орнына жаңа әлеуметтік нысанның қабырғасы қаланып жатыр. Құрылысына 332 миллион теңге жұмсалатын жаңа оқушылар үйі күніне 500 баланы қамти алады. Кең әрі жарық би және акт залы бар зәулім шығармашылық ордасы жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек. Сол кезде өрендердің талабын ұштап, дарынын ашатын орталықта үйірмелер санын көбейту жоспарланып отыр.

Қанағат Махамбетова, Арал аудандық оқушылар үйінің директоры:

- Бұрынғы ескі ғимарат контромарка пешпен жылытылатын. Ал енді газбен жылытылатын болады, 2 қабатты болады. Жаңа оқушылар ғимараты салынады деген кезде өзіміз де, балалар, ата-аналар бәрі қуанышты болды. Бой көтеріп жатқан ғимаратты көрген сайын ендігі балалардың сұрақтары: қашан кіреміз, қай кабинетте оқимыз деп әр үйірменің баласы бөлмелерін сұрап жүр.


Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

- Бұдан бөлек Сексеуіл елді мекенінде халық көп шоғырланған қазіргі таңда 3 мектепте бала саны сыймай жатыр. Соған қосымша 100 орындық құрылыс салып, толық аяқтап бердік. Сексеуіл кентінен 40 төсектік ауылдық аурухана құрылыс басталды. Қазір бекітілген бюджетте 300 млн теңге қаржы тұр. Жыл аяғына дейін тағы қосымша 400 млн теңге қаржы керек. Соны биыл аяқтайық деп отырмыз.



Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page