главная

Еріктілер жылының ашылу салтанаты

February 27, 2020

 

Биыл 2020 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Осы орайда, 2020 жылдың 21 ақпаны күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Еріктілер жылының ресми ашылу салтанаты өтті.


Іс-шара университет жанындағы еріктілер клубтарының көрмесінен басталды. Көрмеге «Ізгілік елшісі» еріктілер жобасы, Алматы қалалық «Еріктілер лигасының» ұяшығы, «Мейірім» клубы, «Лидер» клубы, «Зере» қыздар клубы, «Шуақ» еріктілер клубтары қатысып, өз жұмыстарымен бөлісті.


Шараны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, университет жанындағы еріктілер клубтарының жұмыстарына қысқаша тоқталып, шараға қатысушыларды «Еріктілер жылының» ресми ашылуымен құттықтады.


Сөз кезегін алған Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов мерейлі жылы ауданда атқарылатын істермен таныстырып, алдағы уақытта университетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындығын және жастарға үлкен сенім білдіретіндігін жеткізді.


Алматы қаласы «Еріктілер лигасы» Қоғамдық қорының төрағасы Бағдат Анарбаева және Сорбонна-Қазақстан инстиуттының директоры, «Ізгілік елшісі» жобасының республика бойынша бас үйлестірушісі Айнұр Сәбитова еріктілер қызметінің қазіргі қоғамдағы маңызды орнын атап өтіп, Еріктілер жылында жастарды жұмыла жұмыс жасауға, шын жүрекпен қайырымдылық іспен айналысуға шақырды.


Еріктілер атынан сөз алған, «Ізгілік елшісі» еріктілер жобасының мүшесі Ерназар Еркебұлан «Қайырымдылық керуені» жобасының бастау алғанын жария етіп, университет еріктілерінің игі істерге даярлығын мәлімдеді. Университет еріктілерінің әзірлеген флешмобы салтанатты шараның сәнін келтірді.


Атап кететін жайт, «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында университет еріктілері жыл бойы «Жақсылық жасауға асығайық», «Біздің Жеңіс», «Жан жылуы» тағы басқа да ауқымды қайырымдылық акцияларын жүргізіп, Медеу ауданы әкімдігі және «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалының бастамасымен Медеу ауданы ардагерлеріне құрмет көрсету жұмыстарына жұмылдырылады.

 

 

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon