top of page
Поиск

Елордада мұғалімдер жетіспейді



Қазіргі уақытта елордада мұғалімдердің саны көбейді, бірақ әлі де 250 маман жетіспейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Оқушылардың, мектептердің саны көбейіп жатыр, ал мұғалімдерді дайындап үлгеріп жатырмыз ба? Бұл да бір мәселе. Қазіргі уақытта елордада мұғалімдердің саны көбейді, бірақ әлі де 250 маман жетіспейді», - дейді Алтай Көлгінов.


Ол мұғалімдерге жағдай жасау керек екендігін айтты.


«Президенттің тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап ұстаздар мәртебесі туралы заң қабылданды. Сонымен қатар, мұғалімдердің жалақысы 25% артты. Біліктілігін арттыратын болса қосымша ақы алады. Сондай-ақ, жас мамандарға алғашқы жарна ретінде сертификаттар беріп, тұрғын үймен қамтамасыз етудеміз. Мұғалімдерге осылай жүйелі түрде қолдау көрсетіледі», - дейді ол.

bottom of page