главная

БҒМ: Қазақстанда балалардың 17 пайызға жуығы ғана балабақшаға барды

March 20, 2020

 

Бүгін еліміз бойынша барлық бүлдіршіндердің тек 16,8% балабақшаларға барған. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің басшысы Майра Мелдебекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бүгін Қазақстанда 149 300 бүлдіршін балабақшаларға барды. Қазіргі уақытта мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер тек өңірлерде штаттық режімде жұмыс істейді.

 

«Төтенше жағдай енгізілгенге дейін мектепке дейінгі ұйымдарға 888,3 мың бала келген. Егер ТЖ-ның бірінші күні (16 наурыз) мектепке дейінгі ұйымдарға келушілер көрсеткіші 42% (392 мың адам) болса, 19 наурызда тек 28 пайызды құрады», - деді Майра Мелдебекова.

 

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жариялануына байланысты мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жабылған. Сондай-ақ, Түркістан облысында халықтың тығыздығына және инфекцияның таралу қаупінің жоғары болуына байланысты барлық балабақша жұмысын тоқтатты.

 

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға балаларды мүмкіндігінше мектепке дейінгі ұйымдарға апармауды ұсынған еді.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon