top of page
Поиск

Мұғалімдер каникул кезінде мектепке бармауына болады


Балабақшаларға бармаған бүлдіршіндердің орындары сақталады. Бүгін ел бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда бөбектердің 40 проценті ғана болған.


Реті келсе бүлдіршіндерді балабақшаларға апармау керек. Білім және ғылым министрі ата-аналарға осындай кеңес берді.


Ал оқушылар сәуірдің бесіне дейін демалыста болады. Сол кезге дейін мұғалімдер мектепке бармай-ақ, оқушылармен кей дайындық жұмыстарын, әдістемелік әзірліктерін үйде отырып жүргізе алады. Жалақылары толық төленеді. Ұстаздарды мектепке шақырмау бойынша директорларға тиісті хат жіберілген. Ал жағдай жақсармаса бесінші сәуірден кейін де оқушылар қашықтықтан оқытыла береді. Қазір контент жетілдіріліп жатыр. Студенттер де үйлерінде отырып білім алады.

Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page