главная

Биыл студенттер сынағы мен диплом жұмысын қорғау қалай өтеді

 

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов төтенше жағдайда студенттердің емтихан мен дипломдық жұмысты қалай тапсыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Аралық аттестат дегеніміз - бірінші, екінші және үшінші курс нәтижелері бойынша жүргізілетін сынақтар. Бұл экзамендер мамыр айында жүргізілетіндіктен, оған дейін карантин аяқталуы мүмкін. Ал егер карантин шаралары тоқтамаса, емтиханды қашықтан тапсыруға тура келеді. Қалаларда тұратын студенттер сынақты қашықтан тапсыруы тиіс. Ал Интернеті жоқ шалғай елдімекендерде тұратын студенттер арнайы өтінішпен сынақты кейінге қалдырады. Меніңше, студент үшін сынақты кейінге қалдыру - ең дұрыс шешім», - деді вице-министр Facebook желісінде өткен онлайн конференцияда.

 

Ал қорытынды аттестация - ЖОО түлегінің қандай нәтижеге қол жеткізгенін көрсетеді және бұл мемлекеттік білім беру стандартында негізделген саясат. Қорытынды аттестация екі бөлімнен тұрады, оның алғашқысы - диплом жұмысын қорғау.

 

«Диплом жұмысын қорғауды міндетті түрде қалдырамыз, себебі қашықтан оқыту режимі 16 наурызда енгізілді. Ал дипломды алдын ала қорғау жұмыстары ақпан, наурыз айларында өтті. Заңсыз иемденуге қарсы күрестің ең ірі үш жүйесі арқылы қорғаудың жаңа талаптарын жаздық. Яғни, студенттер антиплагиат жүйесіне дипломдық жұмыстарын енгізеді, ал оқытушылар мен мемлекеттік комиссия мүшелері оларды тексереді. Егер студент антиплагиат жүйесі арқылы ғылыми жұмысын көрсетсе, онлайн таныстырылым жасап, сұрақтарға жауап береді және осылайша дипломдық жұмысын қорғайды», - дейді М. Дәуленов.

 

Ал егер студенттің онлайн қорғап шығатын мүмкіндігі болмаса, сұрақтар хат түрінде кез келген байланыс құралы арқылы жіберіледі.

 

«Кешенді экзаменге келсек, әріптестер оны жазбаша түрде жүргізуді ұсынып отыр. Жиналыста барлық ЖОО-лар естиханды әділ тапсыратын жүйемен қамтамасыз ететінін айтты. Меніңше, осы нұсқа қолайлы болады. Қазіргі уақытта ЖОО-лардың кешенді емтихан өткізу форматын түрлендіруге дайын екенін көріп отырмыз. Бұл жағдайда біз Білім министрлігі ретінде 2018 жылы берілген академиялық еркіндік пен академиялық саясатқа жүгінуді ұсынамыз. Әрине, карантин режимі жалғасса, онлайн-экзаменге көшуге тура келеді. Бірақ мұнда студенттің бұған дейінгі бағаларының жиынтығын қолдануға да болады», - деді М. Дәуленов.

 

Вице-министр бағалау құралы бойынша соңғы шешімді ЖОО қабылдайтынын айтты.

 

«Одан бөлек, қорытынды аттестация мен экзамендерді жазғы маусымға қалдыру мәселесі де назарға алынды. Бұл мәселеде біздің тараптан еш шектеу жоқ. Яғни, министрлік беретін мемлекеттік үлгідегі диплом барлық ЖОО-ға беріледі. Ал оны студенттерге қашан беретіндеріңізді министрлік шешпейді. Бұған қатысты жоғарғы оқу орындары студенттер мүддесін ескере отырып, дербес шешім қабылдайды», - деді Мирас Дәуленов.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon