главная

Талапкерлер үшін дұрыс таңдау жасау маңызды - БҒМ

June 10, 2020

 

Білім және ғылым министрлігі білім беру бойынша сапалы қызмет көрсетпейтін жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында да белгілі бір дайындық бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға қосымшалардың қолданылуы бір айға тоқтатылған (04.06.2020 ж. бастап заңды күшіне енеді).

 

Сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Шет тілдер және іскерлік карьера университеті «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау», «Педагогика және психология» сияқты даярлаудың бірнеше бағыты бойынша лицензияға қосымшаларынан айырылды (08.06.2020 ж.бастап заңды күшіне енеді).

 

Ал, қайталап жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижесі бойынша 2020 жылғы 18 мамырда Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында лицензияға қосымшалардың қолданысы бір айға тоқтатылды (29.05.2020 ж. бастап заңды күшіне енді).

 

«Бұдан дейін хабарлағанымыздай, 2021 жылдан бастап білім туралы жеке үлгідегі құжаттарды беру нормасы енгізіледі, яғни, мемлекеттік үлгідегі дипломдар болмайды. Дипломдар іс жүзінде жоғары оқу орнының табыстылығы мен танымалдығын көрсететін болады», делінген хабарламада.

 

Осы орайда талапкерлер мынадай аспектілерге назар аударғаны жөн:

– жоғары оқу орнының QS әлемнің үздік ЖОО рейтінгісінде және «Атамекен» ҰКП жүргізетін білім беру бағдарламасы рейтингісінде алатын орны;

– ЖОО-ның мәртебесі мен академиялық беделі;

– ұсынылатын білім беру қызметінің сапасы.

 

Кадрларды даярлаудың өзекті бағыттары мен түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпаратты «Атамекен» ҰКП-ның білім беру бағдарламаларын бағалау қорытындысы бойынша жасалған рейтингісін пайдалана отырып, алуға болады. Рейтинг «Атамекен» ҰКП мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайттарында орналастырылған.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon