главная

Халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test-пен толықты

 

Халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test сертификаттарымен толықтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«2020 жылы магистратура мен докторантураның білім бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың тізімі IELTS INDICATOR (Айлтс Индикатор) және Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) сертификаттарымен толықты . Аталған тестілер арнайы ақпараттық жүйе арқылы тек электронды форматта тапсырылады» делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

 

Магистратура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6-дан кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес. Докторантура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен, ал Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес. «IELTS INDICATOR сертификатының пайдалану мерзімі 2 жылды құрайды, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

 

Айта кеткен жөн, шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат тек докторантура үшін міндетті болып табылады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін IELTS INDICATOR немесе Duolingo English Test халықаралық сертификаттарын ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon