главная

Асхат Аймағамбетов елшілік өкілдерімен онлайн кездесті

June 21, 2020

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқа елдердегі Қазақстан елшіліктерінің өкілдерімен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Жиынға қатысушылар қазақстандық жоғары білім саласын интернационализациялау бойынша халықаралық ынтымақтастық, шетелдік ғалымдарды тарту, академиялық мобильділікті дамыту, «Болашақ» бағдарламасын жаңғырту, алмасу бағдарламаларын дамыту және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу қатысты мәселелерін талқылады», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

 

Мәлім етілгендей, министрлік бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, жоғары оқу орындарында қос дипломды бағдарламалар ашу, тепе-тең негізде гранттар бөлу және білім туралы құжаттарды тану мәселелерін қамтитын тұжырымдамалар дайындап, 20 келісімшартқа қол қоюға әзірленіп жатыр.

 

«Алмасу бағдарламасы аясында жыл сайын шетелдік ЖОО-ларда 610-нан астам студент грант бойынша білім алады. Биыл олардың саны – 300-ге жуық. Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарында квота саны да артты, бүгінде 345-ке жуық шетелдік азаматтың Қазақстанда білім алуына болады. Жақын болашақта жақын және алыс шет елдермен ынтымақтастықта болу үшін білім беру саласындағы ауқымы кең мәселелер бойынша 20 келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

 

Сингапурдағы Қазақстан елшілігінің өкілі Виталий Александров өткен жылы Сингапурдың кәсіби және техникалық білім беру саласындағы ірі оқу орындарының бірімен серіктестік қарым-қатынас орнатылғанын атап өтті. Сингапурлық тараппен қазақстандық колледждердің педагогтеріне біліктілігін арттыруға 115 грант бөлу туралы келісімге келді.

 

Жиынға Испания, Германиядағы, Италия, Чех Республикасы, Польша, Нидерланды, Франция, Венгрия, Ұлыбритания, Финляндия, Түркия, ҚХР, Корея, Жапония, Катар, Малайзия, Сингапур, БАӘ, Австралия, Ресей Федерациясы, Украина, Өзбекстан, Қырғызстандағы және басқа да елдердегі елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысты.

 

Еске салайық, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавируске байланысты үйінде оқшаулану режиміне көшіп, қашықтан жұмыс істей бастады.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon