главная

Мектептерде 5 оқушыға кем дегенде 1 компьютерден келуі керек – министр

 

Үкіметке «Цифрлық білім» жобасын таныстырған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ауқымды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті инфрқұрылым өте қажет екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мысалы PISA зерттеуі көрсеткендей, интернетке қосылған компьютердің болуы оқушылардың нәтижесін 20 балға арттырады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мектептерді интернет желісіне толық қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Мектептерді компьютерлендіруді және тиісті құралдармен жабдықтауды аяқтау қажет. Мектепте кем дегенде 5 оқушыға 1 компьютерден келетіндей мақсатқа қол жеткізу қажет», - деді министр.

 

Оның айтуынша, тиісті жабдықтар болмай, оқушылардың цифрлық құзыретін дамыту мүмкін емес.

 

«Бұған қоса, 2022 жылға дейін робототехника және STEM зертханаларын барлық мектептерге сатып алу қажет екенін атап өтемін. Жалпы ұсынылған шаралар адами капиталды дамытуға, цифрлық экономика үшін жаңа кадрлар даярлауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon