главная

Елімізде үміткерлерді шетелге оқуға жіберу талаптары өзгерді

July 7, 2020

 

Халықаралық шарттар аясында шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеудің барынша ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасына сәйкес «Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына» бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жөнінде халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

 

Атап өтерлігі, енгізілген түзетулерге сәйкес, қағидада шетелде оқитын үміткерлерді іріктеу кезінде тең балл иеленгендер үшін келесі басымдықтар басшылыққа алынады:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2) бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;

3) көпбалалы отбасынан шыққан балалар;

4) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыртуы бар, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер.

 

Адами факторға байланысты тәуекелдерді төмендету мақсатында құжат қабылдау автоматтандырылды және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Объективті шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін енді жаңа Қағидаға сәйкес іріктеу екі кезеңнен тұрады: Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен сұхбат және Қорытынды комиссияның шешім қабылдауы. Сұрақтар бекітілген регламент бойынша қойылады.

 

Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздарымен оқуды аяқтағаннан кейін 3 (үш) жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз еңбек қызметін міндеттейтін оқуға шарт жасасу бойынша норма енгізілді.

 

Шетелде, соның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.

 

Еске сала кетейік, біз бұған дейін шетелде оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар құжаттарды онлайн тапсыра алатынын жазған едік.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon